Шетелде қанша "Болашақ" студенті білім алып жатыр?

1561

"Болашақ" бағдарламасының 69 студенті қашықтан білім алуда.

Шетелде қанша "Болашақ" студенті білім алып жатыр?

"Болашақ" бағдарламасының 598 студенті шетелге оқуға кетті. Бұл туралы білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Оның айтуынша, қазіргі таңда "Болашақ" бағдарламасы бойынша жалпы 667 студент білім алып жатыр. 

"Оның ішінде 598 студент шетелге білім алуға кетті. Олар аралас форматта оқып жатыр. Ал "Болашақ" бағдарламасының 69 студенті Қазақстанда. Олар тиісті университте қашықтан білім алып жатыр", - деді Шолпан Каринова орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Айта кетейік, Қазақстанда магистратура студенттері коронавирус пандемиясына байланысты шетелдегі тәжірибеден өте алмай отыр.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу