Бразилиядағы Қазақстан азаматтары дауыс беруді бастады. ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Анастасия Щегорцова шетелдік учаскелердегі дауыс беру барысына тоқталды, деп жазады inbusiness.kz.
"Астана уақыты бойынша сағат 16.00-де Бразилияда дауыс беру басталды. 68 шетелдік сайлау учаскелерінің 64-інде дауыс беру жүргізіліп жатыр. Америка мен Канададағы учаскелер уақыт айырмашылығына байланысты кешірек ашылады. Дауыс беру учаскелеріне келу туралы келесі ақпарат жергілікті уақыт бойынша сағат 18.05-те беріледі", - деді ОСК мүшесі.
Еске салайық, сағат 16.00-дегі жағдай бойынша республика сайлаушыларының 62,34%-ы дауыс бергенін жазған болатынбыз.