Еліміздің әуежайларына 20 жолаушы ПТР анықтамасыз келген, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап.
2021 жылдың 22 наурызында Қазақстанға Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Түркия, Ресей, Беларусь, Өзбекстан және Қырғызстаннан 26 халықаралық әуе рейспен барлығы 3 708 жолаушы ұшып келген.
"Олардың ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 3 688 адам, анықтамасыз 20 адам келді", - деп жазылды хабарламада.
Оның ішінде:
Алматы әуежайына – 13 рейс, 2014 жолаушы, анықтамамен – 2 008, анықтамасыз – 6;
Шымкент әуежайына – 5 рейс, барлық 659 жолаушы анықтамамен келген;
Нұр-Сұлтан әуежайына – 4 рейс, 474 жолаушы, анықтамамен – 462, анықтамасыз – 12;
Ақтау әуежайына – 3 рейс, 420 жолаушы, анықтамамен – 418, анықтамасыз – 2;
Қарағанды әуежайына – 1 рейс, барлық 141 жолаушы анықтамамен келген.
"Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19 вирусының бар-жоғына тест тапсырды. Олар карантин стационарларында өз нәтижесін күтіп жатыр", - деп жазылды хабарламада.
Сонымен қатар 21 наурызда шетелден 177 жолаушы ПТР анықтамасыз келген.
"ПТР-талдау нәтижесі бойынша 4 жолаушыдан коронавирус инфекциясы анықталды. Оның ішінде 3 жолаушы Шарм-эль-Шейх – Нұр-Сұлтан рейсімен, бір жолаушы Киев – Алматы рейсімен келген", - деп жазылды хабарламада.