Еліміздегі шетелдік интернет-дүкендерге енді салық салынуы мүмкін. Шенеуніктер осындай ұсыныс жасады. Себебі бүгінде біздің нарықта жұмыс істейтін электронды сауда қызметтеріне ешбір салық қарастырылмаған. Бұл мәселені шешудің бір жолы – Қазақстан аумағындағы шетелдік интернет-дүкендердің заңды тұлғаларына міндетті тіркеу енгізіп, қосымша құн салығын салу.
Көрші Ресей мұндай тәртіпті 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізген. Нәтижесінде 147 шетелдік компания тіркеліп, бюджетке 9,4 млрд рубль түскен. Бұл тәжірибені Беларусь елі де қолданды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу