Шетелдік көліктерді заңдастыруға жарты жыл берілмек

683

Шетелден әкелінген көліктерді заңдастыруды 6 ай ішінде жүргізу жоспарланған. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының м.а. Қайсар Сұлтанбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Шетелдік көліктерді заңдастыруға жарты жыл берілмек

Оның айтуынша, министрлік заңдастыруды жүргізудің тәртібін, шарттары мен мерзімдерін айқындайтын Үкімет қаулысының жобасын әзірледі. 

"Бұл ретте заңдастыру қажетті заңнамалық өзгерістер қолданысқа енгізілгеннен және Үкіметтің тиісті қаулысы қабылданғаннан кейін басталады. Заңдастыруды алты ай ішінде жүргізу жоспарланып отыр. Көліктің кіргізілген күні ҰҚК Шекара қызметінің немесе Мемлекеттік кірістер органдарының дерекқорлары бойынша айқындалатын болады. Бүгінде бұл процесс толығымен автоматтандырылған. Сонымен қатар шекара қызметінде немесе Мемлекеттік кірістер органдарында көлік құралын әкелу туралы мәліметтер болмаған жағдайда, автомобильдің Қазақстан Республикасында нақты тұрған күні автосақтандыру полисінің алғашқы рәсімделген күні бойынша айқындалады", - деп атап өтті спикер.

Айта кету керек, осыған дейін заңдастыруға жататын шетелдік көліктерді тексеру қалай жүргізілетінін жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу