Шетелдік мультфильмдерді қазақ тіліне аударуға 570 млн теңге бөлінді – вице-министр

1514

Бүгінде 800-ге жуық сағатқа аударма жасалған. 

Шетелдік мультфильмдерді қазақ тіліне аударуға 570 млн теңге бөлінді – вице-министр

Nickelodeоn және Tiji телеарналары қазақ тілінде мультфильм көрсетуді бастайды. Жалпы аударма жасауға 570 млн теңге бөлінді. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Қадыров айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Ол Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды Балалар жылы деп жариялағанын атап өтті.

"Балалардың тәрбиесі тілден басталады. Осыған байланысты ақпарат және қоғамдық даму министрлігі былтыр Nickelodeоn және Tiji телеарналарымен келіссөз жүргізді. Биыл отандық кабелдік операторлар: Alma TV, "ТВ коммеррц", "Қазақтелеком" Nickelodeоn және Tiji телеарналары қазақ тілінде көрсетіле бастады", – деді министрдің орынбасары ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Данияр Қадыров жаңа балаларға арналған телеарналар елдегі мультипликацияны дамытуға серпін беретінін жеткізді.

"Әлеуметтік зерттеулерге сәйкес елде балалар контенті бойынша Balapan телеарнасы көшбасында тұр. Сондай-ақ жоғарыда аталған екі телеарна бәсекеге қабілетті, әлемдік деңгейде болғандықтан оларды таңдап алдық. Өйткені Nickelodeоn телеарнасы 180 елге, Tiji 20 елге хабар таратады", – деді вице-министр.

Министрдің орынбасары телеарналардың жұмысына қанша қаржы бөлінгеніне тоқталды.

"Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен "Рухани жаңғыру” қазақстандық қоғамдық даму институты қазақ тілін дамыту үшін мемлекет қаржысын бөлді. Жалпы 570 млн теңге бөлінді, қаржы бір жылға жоспарланған. Бұл ақшаға 800-ге жуық сағатқа аударма жасалды", – деді Данияр Қадыров.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу