Шілдеден бастап сұйытылған газ бағасы көтеріледі

1004

Шілдеден бастап сұйытылған газ бағасы көтеріледі

1 шілдеден бастап сұйытылған газдың көтерме саудадағы бағасы 34 319 теңгеге көтеріледі. Тиісті бұйрыққа энергетика министрі қол қойған, деп хабарлайды astanatv.kz. 

Аталған баға биыл 30 қыркүйекке дейін сақталады. 2 тоқсанмен салыстырғанда сұйық отынның құны 8,6 пайызға көтеріліп отыр. Алдағы уақытта көлік салығы жанармай бағасына қосылуы әбден мүмкін. Халық алдында есеп берген бас қаржыгер Бақыт Сұлтанов осылай деді. Қаржы министрінің айтуынша, қазір аталған бағытта талқылаулар жүріп жатыр. "Бұл жанармай бағасына тікелей әсер етеді. Сондықтан мәселені жан-жақты қарастыру керек. Қазір біз бизнес өкілдерімен кездесіп, талқылап жатырмыз. Тиісті есептеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Егер жанармай қымбаттаса, басқа да салаларға әсер етпей қоймайды", - дейді ол.     

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу