ШҚО-да аудан әкімінің көлігі жол апатына ұшырады

625

Бір адам көз жұмды. Екі адам ауруханаға жатқызылды.

ШҚО-да аудан әкімінің көлігі жол апатына ұшырады

Инсайдерлік ақпарат көзінің мәліметіне сәйкес, ШҚО Аягөз ауданының әкімі Сеилбек Ысқақов отырған Toyota Land Cruiser қызметтік көлігі Қарағанды облысының тас жолында жол апатына ұшырады. Шенеунік мінген көлік Нұр-Сұлтан қаласына бет алған. Соқтығысу салдарынан 1 адам көз жұмды, деп жазады inbusiness.kz.

Қызметтік көлікті әкімнің жүргізушісі Нұрлан Омарғазин тізгіндеген. Машина ішінде аудан басшысының жұбайы отырған.

Қарағанды облысының полиция департаменті жол-көлік оқиғасы жөніндегі ақпаратты растады. Оқиға 19 тамыз сағат 21.20-да Шешенқара ауылынан 5 шақырым жердегі Қарағанды-Аягөз тас жолында болған.

"Алдын ала мәліметтер бойынша Қарағанды қаласына қарай бет алған "Toyota Land Cruiser 100VX" көлігінің 40 жастағы жүргізушісі рульді басқара алмай, қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен. 48 жастағы жүргізушінің басқаруындағы "Nissan Primera" автокөлігімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан "Toyota Land Cruiser 100VX" көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы, "Nissan Primera" көлігінің жүргізушісі медициналық мекемеге жеткізілген. Соңғысы есін жимастан, қайтыс болды", – деп хабарлады Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы, абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет) бойынша қылмыстық іс тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу