ШҚО-да 9 айда 2022 пәтер пайдалануға берілген

1050

ШҚО-да 9 айда 2022 пәтер пайдалануға берілген

Үстіміздегі жылдың қаңтар-қыркүйек аралығында Шығыс Қазақстан облысында жалпы алаңы 197600 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, тұрғын құрылысының өсу қарқыны 100,1%-ды құрады. Өңірде салынған тұрғын үйлер үлесі жалпыреспубликалық көлемнің 2,7%-ын құрады, деп хабарлады strategy2050.kz облыстың статистика департаментіне сілтеме жасай отырып.

"2016 жылғы 9 айда 2022 пәтер пайдалануға берілді, бұл 2015 жылғы сәйкес кезең деңгейінен 8,0%-ға көп. Соның ішінде қолжетімді баспана құрылысы мемлекеттік бағдарлама бойынша 367 жалдамалы коммуналдық және 320 несиелік пәтер салынды", – делінген хабарламада.

Әдеттегідей тұрғын үй құрылысына ең көп үлес жұртшылық – облыстық көлемнің 37,8%-ын қосты, жеке меншік нысандағы кәсіпорындар 31,5%, мемлекеттік – 24,2%, шетел кәсіпорындары  - 6,5%-ын салды.

Тұрғын үй құрылысына инвестиция 15650,2 млн. теңгені құрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу