ШҚО-да аудандық сот төрағасы жол апатынан көз жұмды

1015

37 жастағы Фархат Әйнеков оқиға орнында қайтыс болды.

ШҚО-да аудандық сот төрағасы жол апатынан көз жұмды

23 мамыр күні Берел ауылының тұсында автокөлік аударылғаны туралы ақпарат таралды. Көлік тізгінінде Катонқарағай ауданы № 2 аудандық сотының төрағасы болған, деп хабарлайды altaynews.kz.

37 жастағы Фархат Әйнеков оқиға орнында көз жұмған.

Әйнеков Фархат Әбуғалиұлы бұған дейін Жамбыл облысының Байзақ аудандық сотында бас маман болып қызмет еткен. 2014 жылы Зырян аудандық сотының соты, 2017 жылы Катонқарағай № 2 аудандық сотының төрағасы лауазымдарына тағайындалған.

Фархат Әбуғалиұлының артында жұбайы мен төрт жас баласы қалды.

Алдын ала мәлімет бойынша, Toyota көлігінің жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай, жол жиегіндегі ағашқа соғылған.

Қазір оқиғаның анық-қанығы тексеріліп, сәйкес сараптамалар тағайындалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу