Шығыс Қазақстанда бала өліміне әкеліп соққан жол апатына кінәлі инженер сотталды

401

Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданында бала өліміне себеп болған жол-көлік оқиғасына кінәлі деп танылған жол-құрылыс ұйымының 53 жастағы бас инженері сот үкімімен жауапқа тартылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Шығыс Қазақстанда бала өліміне әкеліп соққан жол апатына кінәлі инженер сотталды Фото: canva

Тергеу барысында жол үстінде үйілген топырақтың көлік қозғалысына қауіп төндіргені анықталған. Алайда инженер "Жол жүрісі туралы" заң талаптарына қарамастан, ескерту белгілерінің орнатылуын қамтамасыз етпеген.

Осы салғырттықтың салдарынан "Күршім-Қалжыр-Ақсуат" тасжолының 37-шақырымында көлік жол үстіндегі үйіндіге соғылған. Көлікті 37 жастағы азамат тізгіндеген. Жол апаты кезінде оның 2019 жылы туған ұлы оқиға орнында қаза тапқан, ал 2017 жылы туған қызы жарақат алған.

Қылмыстық істі тергеу шамамен 3 айға созылып, 2026 жылдың қаңтарында сотқа жолданған. Наурыз айында сот айыптау үкімін шығарды.

Сот инженерді "Көлікті пайдалану қағидаларын бұзу" бабының үшінші бөлігі бойынша кінәлі деп таныды. Оған 1 жылға бас бостандығынан айыру және 1 жыл мерзімге жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу