Суға кеткендер арнайы жабдықталмаған орындарда және мас күйде шомылғаны белгілі болды, деп хабарлайды altaynews.kz.
Выдриха ауылының маңында, Үбе өзенінде іздеу жұмыстары жүргізіліп, құтқарушылар 41 жастағы ер адам мен 20 жастағы жас жігіттің денесін тапты.
Өскеменде 4 тамыз күні Кенді емес материалдар комбинаты ауданындағы жасанды шұңқырдағы суға 41 жастағы ер адам батып кеткен. Оқиғаға куә болғандар құтқарушыларды шақыртқанымен, ол тірі табылмады.
Осыған ұқсас оқиға Меновной ауылында бір күн бұрын болыпты. Саяжай аумағындағы жабдықталмаған орында шомылған 49 жастағы ер адамның денесін құтқарушылар су түбінен бір сағаттан кейін алып шықты.
Семейде кеше кешкі уақытта құтқарушылар 32 жастағы ер адам қайтыс болды. Ол Березовский кентінің маңындағы Птичник көліне мас күйінде шомылған.
ШҚО ТЖД ақпараты бойынша, суға түсу маусымы басталғалы бері ШҚО-да 29 адам суға кетті