ШҚО-да екі күн бұрын жоғалған жасөспірім табылды

505

Баланы іздеуге 500-ден астам адам атсалысқан.

ШҚО-да екі күн бұрын жоғалған жасөспірім табылды

Шығыс Қазақстанда екі күннен бері іздестіріл жатқан аутизммен ауыратын 12 жасар бала табылды, деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.

"ШҚО-да жоғалған бала табылды. Бала тірі және сау", – деп жазылған хабарламада.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, баланы СОБР қызметкері тапқан.

Бала өткен сенбі күні түнгі сағат 02:30-да Шығыс Қазақстан облысының Согра кентіндегі үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған. Бала аутизммен ауырады және сөйлеспейді.

Іздестіруге 500-ден астам адам – 350 полиция қызметкері, 100 – Ұлттық гвардияның әскери қызметшілері, құтқарушылар мен еріктілер жұмылдырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу