ШҚО-да газ құю стансасындағы жарылыстан зардап шеккендердің саны 4 адамға жетті

623

Қазір құзырлы органдар өрттің себептерін анықтап жатыр.

ШҚО-да газ құю стансасындағы жарылыстан зардап шеккендердің саны 4 адамға жетті Фото: Төтенше жағдайлар департаменті

Шығыс Қазақстандағы газ құю стансасындағы жарылыстан зардап шеккендердің саны 4 адамға жетті. Аймақ басшысы барлығына көмек көрсетілетіндігін айтты. 

Естеріңізге сала кетейік, 22 маусымда Шемонаиха қаласында газ баллондарын толтыру станциясында жарылыс болды.  Салдарынан екі адам күйіп қалғанын жазған болатынбыз. 

Сол күні кешке қарай жарылыстан тағы екі азаматтың зардап шеккені анықталған.

Облыс әкімі Ермек Көшербаев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында зардап шеккен 4 адамға барлық қажетті көмек көрсетілетіндігін айтты.

- Олар шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. Сондай-ақ аудандық ауруханаға облыстың бас дәрігері Гүлмира Загидуллина да барды. Қазір құзырлы органдар өрттің себептерін анықтап жатыр. Төтенше жағдай орнына ШҚО Полиция департаментінің бастығы мен тергеушілер, менің орынбасарым Дархан Сапанов және Шемонаиха ауданының әкімі Григорий Акулов барды, - дейді Ермек Беделбайұлы.

Аймақ басшысы бұндай жарылыстардың алдын алу мақсатында арнайы тексеру жүргізілетінін айтты. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу