ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты 2 қарашада сағат 07:15 шамасында Глубокое ауданындағы "Өскемен-Рахман қайнарлары" тасжолының 16-шы шақырымында орын алған.
"Lada Granta" маркалы автокөліктің 48 жастағы жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, жанармай таситын көлікпен бетпе-бет соқтығысқан. Салдарынан "Lada Granta" жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды.
"Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігіне (Абайсызда адам өліміне әкеп соққан көлік құралдарын басқарушының жол жүрісі қағидаларын бұзуы) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Бірқатар сот-медициналық сараптама тағайындалды. Соның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады", - делінген ақпаратта.