Шығыс Қазақстан облысының Шемонайха ауданында жол апатынан төрт адам қайтыс болды, деп хабарлайды altaynews.kz.
Қайғылы жағдай 26 қаңтар күні сағат кешкі 20.00 шамасында болған. Шемонайхадан облыс орталығына шыққан көлік Рулиха ауылына жектенде апатқа ұшыраған.
"Жол-көлік оқиғасы "Өскемен – Шемонайха – РФ шекарасы" тасжолының 88-шақырымында болған. 32 жастағы ер адам тізгіндеген "КамАЗ 5320" маркалы жүк көлігінің тіркемесі "ВАЗ 2112" жеңіл көлігінің бүйірінен соққан", – деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Жеңіл көліктегі 25 жастағы жүргізушісі мен 3 жолаушы (31 жастағы әйел адам мен 29 жастағы екі ер адам) оқиға орнында қайтыс болды.