ШҚО-да жантүршігерлік жол апаты болды, деп хабарлайды altaynews.kz.
Қайғылы оқиға 9 тамыз күні Семей-Озерки тас жолында орын алды. "BMW X5" көлігінің 31 жастағы жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, апатқа ұшырады. Көліктегі 7 жолаушының 4-еуі қаза тапқан, оның 2-еуі кәмілеттік жасқа толмаған.
Аталған факті негізінде 345 бабтың 4-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Әзірше оқиғаның мән-жайы анықталуда.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу