ШҚО-да жүк көлігі мен жеңіл көлік соқтығысып, 3 жолаушы қаза тапты

111

Қазір аталған оқиға бойынша алдын ала тергеу басталды.  

ШҚО-да жүк көлігі мен жеңіл көлік соқтығысып, 3 жолаушы қаза тапты Фото: Видеодан скриншот

Тарбағатай ауданындағы жолда жүк көлігі мен жеңіл автокөлік соқтығысып, салдарынан бірнеше адам қаза тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты YK-news.kz-ке сілтеме жасап.

Жол апатынан зардап шеккен тағы бір адам ауруханаға жеткізілді. Қайғылы оқиға 24 қарашада "Омбы – Майқапшағай" республикалық маңыздағы автожолдың 877-шақырымында Тарбағатай ауданында болған. Жол апатына Chevrolet Onix және Howo маркалы жүк көлігі қатысқан.

"Жол-көлік оқиғасы салдарынан Chevrolet Onix автокөлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы алған жарақаттарынан көз жұмды. Тағы бір жолаушы медициналық мекемеге жеткізіліп, ауруханаға жатқызылды", – деп хабарлады ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу