Бесқарағай ауданында көпбалалы және жағдайы төмен отбасынан шыққан балаларға мектеп формалары таратылды. Бұл туралы аудан әкімдігінен хабарланды, деп жазады altaynews.kz.
Айта кетсек, Бесқарағай ауданында көп балалы және аз қамтылған отбасынан шыққан 740 оқушы бар. Олардың 518-і көпбалалы, 222-сі аз қамтылғандар санатынан.
Оқушыларға мектеп формасын үлестіру Қара Мырза, Глуховка, Белокаменка, Канонерка ауылдарынан басталды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу