ШҚО Ішкі саясат басқармасына жаңа басшы келді

1222

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтің өкімімен облыстық Ішкі саясат басқармасының басшысы лауазымына Азамат Мұхамедчинов тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

ШҚО Ішкі саясат басқармасына жаңа басшы келді

Мұхамедчинов Азамат Маратұлы 1978 жылы 23 ақпанда туған. 2007 жылы С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін ( өнер бакалавры), 2013 жылы Шығыс Қазақстан өңірлік университетін (экономика бакалавры) бітірген.

1998-2001 жылдар аралығында Жарма ауданы Әуезов ауылындағы орта мектептің мұғалімі. 2001-2008 жылдары Риддер қаласы "Шаңырақ" орта мектебінің мұғалімі. 2

008-2010 жылдар аралығында Риддер қаласы "Мәдениет сарайы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры.

2010-2012 жылдар аралығында Риддер қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы қызметі атқарды.

2012-2016 жылдар аралығы – Өскемен қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы болған.

2016-2019 жылдарда Шығыс Қазақстан облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы.

2019-2020 жылдар аралығында Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарды.

2020 жылғы 22 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысының Ішкі саясат басқармасының басшысы болып тағайындалды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу