ШҚО қатерлі ісік дертінен ел бойынша алғашқы үштікте

1021

Еліміз бойынша Өскемен қаласы онкологиялық аурулар саны жағынан антирейтинг үштігіне енеді. 

ШҚО қатерлі ісік дертінен ел бойынша алғашқы үштікте Фото: Яндекс

Қала тұрғындары қауіпті індеттің көптігін экологиялық жағдаймен байланыстырады. Дәрігерлер бұл пікірмен келіспейді, дегенімен жоққа да шығармайды. Ал, медициналық тексеруді күшейту арқылы ауруды ерте анықтап жатыр. 

Жыл сайын Шығыс Қазақстан облысында қатерлі ісікке шалдыққан екі жарым мың науқас тіркеледі. Олардың көбінің жасы алпыстан асқан. Яғни, егде адамдар арасында көп. Тұрғындар ауруға экологиялық жағдай себеп  дейді. 

"Расымен мұндай науқастар бізде өте кеп. Өзім дәрігер емеспін. Бірақ ауруға қоршаған ортаның ластығы себеп деп ойлаймын", дейді қала тұрғыны Людмила Петрова.

Дәрігерлер қатерлі ісікпен ауырғандар саны соңғы жылдары көбейді деп санамайды. Тек бұрынғыға қарағанда медициналық тексеру жиілеп, нәтижесінде ауру ерте анықталып жатыр. Ал, індет неғұрлым ерте анықталса, соғұрлым нәтижелі ем-дом болады.  

"Біздің облысымызда бірінші орында ол сүт безі қатерлі ісігі. Екінші орында өкпенің қатерлі ісігі. Үшінші орында тоқ ішек қатерлі ісігі. Заманауи технологияға байланысты және де біздің дәрігерлеріміз шет елден оқып келген, соған байланысты науқастар бізде толық ем ала алады", дейді Дәрігер Роман Нәлібаев.

Ауруға кезіндегі Семейдің сынақ алаңдарын кінәлайтындар да көп. Полигон зардабын тартқан елдің тағдыры толық түзелді дегенге сенетіндер аз.

"Менің анам 11 жыл бойы ауырып, ақыры қайтыс болды. Экологиямен бірге бұрынғы полигонның зардабы да бар деп түсінемін. Қаншама сынақ жасалды. Қазір ол жабылды ғой. Бірақ бәрібір адамдар зиянын шекті. Әлі де шегіп жатыр", дейді Қала тұрғыны Даниль Михайлов.

Өскеменмен бірге Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында да қатерлі ісікке шалдыққан науқастар көп. Тізімде Қостанай, Ақмола, Ақтөбе өңірлері де бар. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу