ШҚО: Зайсан әуежайын реконструкциялау жұмыстары басталады

535

Қатонқарағай ауданында әуежай құрылысын жүргізу жоспарланып отыр.

ШҚО: Зайсан әуежайын реконструкциялау жұмыстары басталады

Бұл туралы ШҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Айжан Рахымбаева айтты, деп жазады inbusiness.kz "Алтайньюске" сілтеме жасап.

Қатонқарағай ауданында әуежай құрылысын жүргізу жоспарланып отыр. Катонқарағай ауданы "Рахман қайнары" шипалы бұлақтарымен және пантымен емдейді. Сондықтан өңірде санаторлық-сауықтыру саласы кеңінен дамыған.

"2018 жылы өңірде әуежайлардың инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары басталған. Бүгінде Өскемен мен Семейдегі әуежайды қайта жаңғырту жұмыстары мәресіне жетті. Жақында Үржар ауданындағы әуежайдың ұшу-қону жолағын реконструкциялау жұмыстары аяқталды", – деді Айжан Рахымбаева.

Айжан Рахымбаеваның айтуынша, қазір әуе айлағының ұшуға жарамдылық сертификатын алу үшін тиісті шаралар атқарылып жатыр. Алынған соң әуе рейстері бірден қайта жанданбақ. Демек тұрғындар Алакөлге ұшақпен қатынай алатын болады.

"Қатонқарағай ауданында әуежай құрылысын жүргізу жоспарланып отыр. Бірақ оның нақты уақыты әзірге белгісіз. Сондай-ақ 2024 жылға қарай Зайсан әуежайын реконструкциялау жұмыстары басталады", – деді басқарма басшысының орынбасары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу