ШҚО құтқарушылары омбы қардан 100-ге жуық адамды алып шықты

1083

ШҚО құтқарушылары омбы қардан 100-ге жуық адамды алып шықты

Облыстық ТЖ департаментінің құтқарушылары омбы қардан бір кеште 94 адамды қауіпсіз жерге көшірді. Апаттық-құтқару шаралары бірден үш трассада жүргізілді, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА. 

Бесқарағай ауданындағы "Семиярка-Қарабас" автожолында Грачи ауылынан шыққан адамдар өз автокөліктерімен трассаға жете алмады. 15 жеңіл көлік қарда тұрып қалды, 79 адам көмекке мұқтаж болды. Бесқарағай ауданы ТЖ бөлімінің құтқарушылары әйелдерді КУНГ техникасымен шығарып, жақын маңдағы Грачи орманшылығына әкелді. Сонымен бірге, жергілікті атқару органдарының күштері бірнеше сағат бойы аумақты тазалау жұмыстарымен айналысты. Жол тазаланған соң, адамдар өз көлігімен қозғалысты жалғастырды.

Көкпекті ауданындағы "Өскемен-Самарское" трассасында ВАЗ-2109 көлігіне отырған 5 адам қар құрсауына тап болған. Көлікте бір сәби болған. Көкпекті ауданының өрт сөндірушілері оларды 60 шақырым жердегі Самарское ауылына жеткізді. Семей құтқарушылары да бүгін түнде "Семей-Алматы" автожолынан 9 адамды қар құрсауынан босатты. Құтқарушылар инсульт алу қаупі бар науқасты Шар қаласынан Семейге жеткізді.

Омбы қардан туындаған барлық төтенше жағдайда ешкім зардап жоқ. Өз кезегінде ШҚО ТЖД азаматтарға жолға шықпай тұрып, ауа райымен танысуға, көлік ішінде күрек, арқан және жылы киім алып жүруге кеңес береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу