ШҚО руднигінде екінші жұмысшы топырақ астынан шығарылды

364

Глубокое ауданындағы кеніште топырақ астынан шығарылған жұмысшы дәрігерлердің бақылауында.

ШҚО руднигінде екінші жұмысшы топырақ астынан шығарылды Фото: inbusiness.kz

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданындағы кеніште топырақ астында қалған екінші жұмысшы аман-есен шығарылды.

Глубокое ауданы Алтай кентіндегі кеніште топырақ астында қалған жұмысшыны құтқару үшін ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Ерғали Бахаев пен апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша арнайы қызметтер өзара бірлесіп әрекет етті. 32 жастағы жұмысшы сағат 19.00 шамасында аман-есен топырақ астынан шығарылды.

"Тау-кен құтқарушылары мен Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері ер адамды алып шықты. Қазір оның денсаулығын тексеріп, қажетті көмек көрсетіп жатыр", – деп хабарлады облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.

Осы ретте, департамент бастығы Ерғали Бахаев құтқару іс-қимылдары барысында үйлесімді жұмыс істеген барлық қызметтердің өкілдеріне алғысын білдірді.

Еске салсақ, бүгін ШҚО-дағы кеніште екі жұмысшы топырақ астында қалды. Оның бірі Глубокое ауданындағы ауруханаға жеткізілген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу