ШҚО тұрғындары 1 миллион теңгеден астам айыппұл төледі

690

Кеше облыс аумағында 18 ереже бұзу фактілері анықталды. 

ШҚО тұрғындары 1 миллион теңгеден астам айыппұл төледі

ШҚО-ның шектеу режимін бұзған тұрғындары 1 млн теңгеден астам айыппұл төледі, деп жазады inbusiness.kz   altaynews.kz-ке сілтеме жасап. 

1 наурызда Өскеменде санитарлық талаптарды бұзудың 8 жағдай тіркелді. Сонымен қатар, азық-түлік және азық-түлік емес дүкендерде бұрын анықталған бұзушылықтар бойынша айыппұл салынды. Айыппұлдың жалпы көлемі - 175 020 теңге, 

Семей қаласында сауда үйлерінде, базарлар мен қоғамдық көліктерде маскалық режимді бұзу бойынша 9 факті анықталып отыр. 510 475 теңге болатын 5 хаттама толтырылды. Жалпы көлемі 904 270 теңгені құрайтын 14 айыппұл салынды.

Риддерде жұмыс орнында маскасыз жүру бойынша 1 бұзушылық тіркелді.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу