Шөбі өртенген әр отбасыға 100 мың теңгеден берілді

1134

Шөбі өртенген әр отбасыға 100 мың теңгеден берілді

Ақтөбе облысының билігі өрттен зардап шеккен Қос-Естек ауылының тұрғындарына көмек көрсетуде, деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.

Жақында Ақтөбе облысының  Қарғалы ауданына қарасты  Қос-Естек ауылында  жеке  шаруашылықтарға тиесілі шөптің өртенуіне қатысты жеті өрт оқиғасы тіркелген болатын.

Барлық фактілер бойынша қылмыстық істер қозғалды, сондай-ақ оларды тергеумен арнайы тергеу тобы айналысады. Айта кетейік, топ құрамына Ақтөбе облысының прокуратура және полиция департаментінің қызметкерлері кірді.

Зардап шеккендерге нақты көмек көрсету үшін  және келтірілген залалды бағалау мақсатында құрамына аудандық мәслихаттың, "Нұр Отан" партиясы филиалының, сондай-ақ жергілікті билік өкілдері кіретін комиссия құрылды. Комиссия құрамы өрттен зардап шеккендермен кездесіп, әр отбасыға көмек ретінде 100 мың теңгеден табыс етті.

Сонымен қатар, зардап шеккен отбасылар демеушілік қаражат есебінен толықтай жем-шөппен  қамтамасыз етіледі.

Қазіргі уақытта ауылда 50 полиция қызметкері мен ТЖ бөлімі және жергілікті тұрғындардың күшімен  тәулік бойына  кезекшілік ұйымдастырылып отыр.

Бүгінгі күні Қос-Естек ауылдық округіндегі жағдай тұрақты. Өртке қатысты мәселе облыс басшылығының бақылауына алынды. Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдар мен полиция қызметкерлері  қылмысты  ашуға бағытталған шаралар кешенін жүргізуде.             

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу