Түркіменстан президенті Сердар Бердімұхамедов "5+1" форматында Орталық Азия мен Германия мемлекеттері басшыларының кездесуіне қатысу үшін Астанаға жұмыс сапарымен келді.
Астана халықаралық әуежайында Бердімұхамедовты Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов қарсы алды.
Бұған дейін елордаға Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров пен Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон бүгін, 17 қыркүйекте Орталық Азия мемлекеттері басшылары және Германия Федералдық канцлерінің екінші кездесуіне қатысу үшін Астанаға жұмыс сапарымен келгенін еске саламыз.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу