Шомылу маусымы: Қазақстанда қанша құтқарушы бар?

281

Төтенше жағдайлар министрлігі барлық жағажайға құтқарушыларды қою мүмкін емес деп отыр.

Шомылу маусымы: Қазақстанда қанша құтқарушы бар? Фото: gov.kz

ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті төрағасының орынбасары Ақылбек Ахметжанов республикадағы құтқарушылар санына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Тілшілер Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ТЖМ өкілінен "Елімізде құтқарушылар саны жеткілікті ме?" деп сұрады.

"Халық саны миллионнан асатын қалаларда жобамен 100-150 құтқарушы бар. Олар жаз айларында ғана емес, барлық маусымда, басқа да төтенше жағдайларда  құтқару жұмыстарын жүргізеді. Баяндамамда айтып кеткенімдей, Қазақстанда 85 мыңнан астам өзен мен 48 мыңнан астам көл бар. Барлық жағажайға құтқарушыларды қою мүмкін емес", - деді спикер.

ТЖМ өкілі шомылу маусымындағы ақылы жерлердегі қауіпсіздік ережелері қалай сақталатынын айтты.

"Суға түсетін жерде құтқарушы болуы керек. Егер жағажайдың аумағы үлкен болатын болса, онда қосымша тағы құтқарушы болуы тиіс. Арнайы қоршаулар, бұдан басқа медициналық пост болу керек.  Егер де арнайы белгіленген жерде суға бату дерегі орын алса, сол мекеменің басшылығы әкімшілік жазаға, қажет болса басқа да жазаға тартылады. Керек болатын болса, ол жерді мүлдем жауып тастауға да құзыреттілік бар", - Ақылбек Ахметжанов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу