Шорттрекші Абзал Әжіғалиев әлем кубогы кезеңінде жүлдеге қол жеткізді

1088

Шорттрекші Абзал Әжіғалиев әлем кубогы кезеңінде жүлдеге қол жеткізді

Батысқазақстандық спортшы Абзал Әжіғалиев Солт-Лейк-Сити (АҚШ) қаласында шорт-тректен өтіп жатқан әлем кубогы кезеңінде жеңімпаз атанды, деп хабарлады ҚО дене шынықтыру және спорт басқармасына сілтеме жасап egemen.kz.

Абзал 500 метр қашықтықта алтыннан алқа тағынды. Ол осындай табысқа қазақстандықтардан алғаш рет қол жеткізіп отыр. Ал командалық эстафетада Қазақстан құрамасы үшінші орыннан көрінді.

Айта кетейік, Абзал Әжіғалиев Батыс Қазақстанның Сырым ауданында дүниеге келген. Оралда жабық мұз айдыны сарайы ашылғаннан кейін шорт-тректен Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Мәдіғали Қарсыбеков дайындаған талантты спортшылардың бірі. А.Әжіғалиев Сочи олимпиадасында негізін батысқазақстандықтар құраған ҚР құрамасы сапында 5 мың метрлік эстафеталық сында бесінші орынды иеленді. Енді ол — Алматы қаласында алдағы жылы өтетін қысқы Универсиадаға қатысуға басты үміткерлердің бірі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу