Шри-Ланкада коменданттық сағат жарияланды

1197

Жаңа коронавирус пандемиясына байланысты Шри-Ланка президенті Готабая Раджапакса коменданттық сағат енгізді.

Шри-Ланкада коменданттық сағат жарияланды

Ресми мәлімет бойынша, бұл шара 20 наурыздан бастап 23 наурызға дейін жалғаспақ. Бұған дейін мемлекет басшысы тұрғындарды 20 наурыздан бастап қашықтықтан жұмыс істеуге шақырған болатын.

Соңғы мәлімет бойынша, Шри-Ланкада вирус жұқтырғандардың саны 59-ға жеткен. 230 кісі дәрігерлердің бақылауында. Барлығы да ауруханаға жатқызылған. 

Еске сала кетсек, 11 наурызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Covid-19 деп аталатын жаңа коронавирус індетін пандемия деп жариялаған болатын. Қазір  әлем бойынша науқастардың саны 210 мыңнан, қаза тапқандардың саны 8 мыңнан асқан. Вирус 160-тан астам елге таралған. 

Коменданттық сағат – төтенше жағдай уақытында елдімекен, қала көшелерінде арнайы рұқсат қағазынсыз жүруге тыйым салынуы. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу