Щучинск-Бурабай курортына инвесторлар 13 млрд теңге бөлген

840

Демалыс аймағында елімізде баламасы жоқ кешен салынуда.  

Щучинск-Бурабай курортына инвесторлар 13 млрд теңге бөлген

Ақмола облысында туристер ең көп шоғырланатын аймақ – Щучинск-Бурабай курорты. Өңір басшысы Ермек Маржықпаевтың айтуынша, пандемияға қарамастан демалыс орындары туристер қабылдап жатқан көрінеді.

"Щучинск-Бурабай курортты аймағы пандемияға қарамастан жұмыс істеп тұр. Ол үшін туристерге арналған брондау жүйесін іске қостық. Бұл саладағы бизнес иелеріне несие бойынша төлемдерін кейінге шегеріп, жеңілдіктер жасалды. Нәтижесінде шипажайлардың 70%-ына саяхатшылар келді. "Променад-Бурабай" кешенінің құрылыс жұмыстары аяқталды. Ал туристердің негізгі жиналатын орны "Абылай хан алаңы" болады. Онда мультимедиялық-мәдени кешен салынып жатыр. Ол елімізде баламасы жоқ кешен болады", – деді аймақ басшысы. 

Облыс басшысының сөзінше демалыс аймағындағы инвестициялық жобаларға жеке инвесторлар да қомақты қаржы бөлген.

"Жеке инвесторлар 13 млрд теңге салды. Біз жергілікті атқарушы орган ретінде жол инфрақұрылымын жетілдірумен, абаттандырумен айналысамыз. Биыл бұл мақсатқа 4 млрд теңге қарастырылды", – деді Ермек Маржықпаев.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу