Швецарияда ән салған жамбылдық әнші

655

Кеңестік кезеңде Швецарияда ән салған Меркі ауданында туып-өскен әнші Батырбек Күзембаевтың есімі жамбылдықтар үшін бейтаныс. 

Швецарияда ән салған жамбылдық әнші Фото: inbusiness.kz

Еуропада өткен Мәдениет күндерінде өнер көрсеткен әншілер Кеңес Одағынан деп таныстырылатыны белгілі. Содан кейін ерекше даусы бар таланттар тасада қалып, есімі елге белгісіз болып қалған. Соның бірі –меркілік әнші Батырбек Күзембаев.

Ауылдастары Бәтен деп атап кеткен әнші "Меркі әуендері" ансамблінің солисі болған.

"Бұрынғы Луговой ауданында еңбек етіп жүргенімде мені Меркі ауданына ауыстырды. Сол жылдарда ел ішіндегі ерекше өнер иелерін іздеп, көрерменмен қайта қауыштыруды ойладым. Бәтен Күзембаевтың Швецарияда ән салғанын естіп, оны іздестірдім. Ауылдастарына айтып жүріп, аудандық Мәдениет үйіне жұмысқа шақырдым", - дейді Мәдениет қайраткері композитор Дүйсенәлі Бықыбаев.

Композитор біраз жыл Т.Рысқұлов, Меркі аудандық мәдениет бөлімін, Жамбыл облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасын басқарды. "Меркі әуендері" ансамблінің алғашқы құрамында өнер көрсеткен екен әншімен сол ауданда қызмет еткен жылдары танысыпты.

Д.Бықыбаев әншіні Қазақстан ауылында парторг болып қызмет еткен Дауылбай деген кісі арқылы іздеп-тауыпты. Қайта-қайта сәлем айтып жүріп, қайтадан мәдениет үйіне жұмысқа шақыртқан екен.

"Ол Әміре Қашаубаев сияқты ерекше даусы бар дарын иесі еді", - дейді көзкөргендер.

Екі жыл бұрын әншінің туған ауылы – Кеңесте "Сағындырған әндер-ай" атты Бәтен Күзембаевты еске алу кеші өткен болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу