Шыбын-шіркейді улауға 105 млн теңге жұмсалады

209

Алайда тасқын салдарынан су жайылған кей аумақтарды дезинсекциялау мүмкін болмай тұр.  

Шыбын-шіркейді улауға 105 млн теңге жұмсалады Фото: Санэпидемстанция

Батыс Қазақстан облысында биыл маса мен шыбын-шіркей улауға 105 млн теңге бөлінді.

Өйткені, зиянкестердің дернәсілдері шоғырланған саяжайлар мен сай-сала суда тұр. Дегенмен, жағалауды зарарсыздандыру басталған.

Мамандардың айтуынша, бұл дәрілердің шыбын-шіркейден басқа адамға, судағы тіршілікке, қоршаған ортаға зияны жоқ, деп жазады inbusiness.kz сайты qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.

Биылғы су тасқынынан соң маса мен шыбын-шіркей күрт көбейеді деп болжанып отыр. Жағалаумен қоса, тынымбақ, қоғамдық орындар да дезинфекцияланады.

Тұрғындардың өтініштері де ескерілмек.

"Үш мың гектар жер уланып отыр қазіргі таңда. Алдымен, барып анықтайды, кейін улайды. Қазір кейбір жерлерге біз бара алмай отырмыз. "Телеорталық" ауданы, 1, 2-ші саяжайлар, өйткені су деңгейі әлі түскен жоқ. Су тасқынына байланысты жылда есептеп жүрген 13 мың гектарымыз екі есе ұлғайып отыр.",  - деді облыстық Энергетика және ТҮКШ басқармасы басшысының орынбасары Қанат Өмірәлиев,

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу