Ақтөбеде криптовалюта мен алтын саудасына инвестиция салу арқылы табыс тапқысы келген 46 жастағы заңгер алаяқтардың құрбаны болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Жәбірленуші бейтаныс екі адаммен байланысқа шығып, олардың ұсынысына сеніп, бір жарым жыл бойы ақша аударып отырған. Нәтижесінде келтірілген шығын көлемі 18 миллион теңгеге жеткен.
Ақтөбе облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктілер анықталып, полиция бөліміне жеткізілген.
Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің "Алаяқтық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу