Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданында Қыстау Күршім ауылынан 15 шақырым жерде жол талғамайтын көлігі бұзылған бес адам көмек сұраған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Олар Starlink арқылы байланысқа шыққан.
Құтқарушылар "Трэкол" көлігімен шамамен 100 шақырым жол жүріп, көмекке жетті. Олар бұзылған автокөлікті ауылға дейін сүйемелдеп жеткізді.
Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Медициналық көмек қажет болмады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу