Шығыс Қазақстанда 25 мыңнан астам адам көлік салығын төлемеген

516

Көлік салығы 1 сәуірден кешіктірмей төленуі керек. 

Шығыс Қазақстанда 25 мыңнан астам адам көлік салығын төлемеген Фото: ашық дереккөз

Шығыс Қазақстанда көлік салығын төлемегендердің қарызы 680 млн теңгеге жуықтаған. Осылайша 25 мыңнан астам адам салықты белгіленген мерзімнен кешіктіріп отыр.

ШҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаменті осыған дейін салықтың уақытылы төленуі керектігін айтып, хабарлаған болатын. Дәл қазір департамент өңірдегі мүлік және көлік салығын төлемегендерге ескерту жіберіліп жатыр.

Жалпы облыс бойынша 7347 адамның мүлік салығы бойынша 9,5 млн теңгеге жуық берешегі бар. Ал көлік салығын төлемегендер бұдан әлдеқайда көп.

Нақты айтқанда, 25 991 адамның көлік салығы бойынша мемлекетке 680 млн теңгеге жуық қарызы бар.

- Мүлік салығының шот-фактуралары салық кезеңінен кейінгі жылдың 1 шілдесінен кешіктірілмей беріледі. Сәйкесінше, салық 1 қазаннан кешіктірмей төленуі тиіс. Көлік салығы болса 1 сәуірден кешіктірмей төленуі керек. Салық берешегін е-Salyk Azamat мобильді қосымшасы арқылы тексеріп білуге болады, - делінген ақпаратта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу