Шығыс Қазақстанда ескерту белгісін елемеген ер адам суға батып кетті

461

Азамат жағалауға достарымен бірге келген.

Шығыс Қазақстанда ескерту белгісін елемеген ер адам суға батып кетті Фото: ашық дереккөз

Шығыс Қазақстанда тағы бір адам арнайы рұқсат етілмеген жағалауға суға түсіп батып кетті. Қайғылы оқиға 20 маусымда Глубокое ауданы Белоусовка ауылында болған.

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 40 жастағы азамат Глубочанка көліндегі арнайы жабдықталмаған учаскеде шомылып жүрген. Сол маңдағы суға түсуге тиым салынғаны туралы  белгіні елемеген ер адам батып кеткен. 

Белгілі болғандай ер адам жағалауға достарымен бірге келген. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағының сүңгуірлері оқиға орнына келіп жетіп, оның денесін судан алып шықты.

- Тыйым салынған белгі - бұл адамдардың қауіпсіздік шараларын сақтауы үшін қойылған ескерту. Осындай белгі тұрған учаскелерде мүлде шомылуға болмайды. Себебі онда қатты ағын, терең иірім және жақын маңда құтқарушылар бекеті жоқ, - дейді департамент бастығының орынбасары Арман Тоқанов.

Еске сала кетсек, бұған дейін тағы бір азаматтың Бұқтырма су қоймасының арнайы жабдықталмаған жеріне суға түсіп батып кеткенін жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу