Шығыс Қазақстанда заңсыз алтын өндіру әрекеті әшкереленді

348

Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының  прокуратурасы мәлім етті.  

Шығыс Қазақстанда заңсыз алтын өндіру әрекеті әшкереленді Фото: Minval.az

Шығыс Қазақстан облысында Күршім ауданының прокуратурасы ҰҚКД және орман шаруашылығы қызметкерлерімен бірлесіп жүргізген рейд барысында заңсыз алтын өндіру дерегін анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тексеру барысында Маралды ауылдық округінің "Көлшілік" учаскесінде пайдалы қазбалар ауыр техника мен спутниктік байланыс құралдарын пайдалану арқылы заңсыз өндірілгені белгілі болды.

Оқиға орнында 4 адам ұсталды, олардың арасында Өзбекстан Республикасының азаматы да бар. Сондай-ақ экскаватор, автокөлік, мотоцикл, металл іздегіш құрылғылар және өзге де жабдықтар тәркіленді.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 295-1-бабы бойынша іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу