Полиция мәліметінше, жол апаты 4 қараша күні Өскемен-Риддер тас жолының 48-ші шақырымында болған, деп жазады inbusiness.kz сайты.
ЗИЛ жүк көлігі мен Toyota Estima көлігі соқтығысқан. Салдарынан 5 адам сол жерде көз жұмған. Жарақат алған 1 адам ауруханаға жеткізілді.
Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу