Шығыс Қазақстанда жыл басынан бері өндірісте 6 адам көз жұмған

452

Өндірісте зардап шеккендер саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 30 пайызға аз, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Шығыс Қазақстанда жыл басынан бері өндірісте 6 адам көз жұмған Фото: canva.com

"Жыл басынан бері өңірдегі өндіріс орындарында биыл 82 адам жарақат алды. Бұл өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда 30 пайызға аз. Жараланғандар ішінде 6 адам көз жұмды. Ал 40-тан астамы ауыр дәрежедегі дене жарақатын алған", - дейді Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Бақытбек Қизатов.

Оның айтуынша, облыста өндірістегі жарақаттану көрсеткішін азайту мақсатында бірқатар шара қолға алынған. Соның бірі – "Халықтық бақылау" жобасы. 60-тан астам адамнан құрылған арнайы топ 14 кәсіпорында бақылау жүргізуде. Олар жұмыстың қауіпсіз жүргізілуін қадағалап, қызметкерлерге кеңес беруде.

Айта кетейік, жуықта Шығыс Қазақстандағы кен орындарының бірінде екі жұмысшы топырақ астында қалғанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу