Шығыстағы астық ұрлығы сотқа жетті

948

Мемлекет қамбасынан 17 мың тонна бидай ұрланған.

Шығыстағы астық ұрлығы сотқа жетті

Шығыс Қазақстан облыстық прокуратурасы мемлекеттік қорда сақтаулы астықты ұрлап сатқан қойма басшысына қатысты істі сотқа жолдады.

Арнайы прокурорлық басқарма қызметкерлері атышулы қылмыс бойынша тергеуді аяқтады.

"Азық-түлік келісімшарт компаниясы" ұлттық компаниясы "Шығыс-Астық БҚК" ЖШС-мен 2017 жылдың желтоқсанында астық сақтау бойынша келісімшарт жасаған. Сақтауға ерілген астықты қойма басшысы 2018 жылдың қыркүйегінен 2019 жылдың ақпанына дейін сыртқа сатып келген", – делінген облысты прокуратура таратқан мәліметте.

Қоймадағы астықтың тиісті мөлшерден аз екені биыл наурызда белгілі болыпты. Полиция өкілдері мен прокуратура қызметкерлері тексеріс кезінде "Шығыс-Астық" астық қабылдау кешенінің Семей қаласы мен Бородулиха ауданындағы қоймаларында бидай, күнбағыс, қарақұмық дақылдарының ұрланғанын анықтайды. Мемлекет қамбасынан қолды болған астық дереу сатылып отырған. Орталап қалған астықтың орнына шөп төселіп, бетіне дән себіліп отырған.

"Ұрланған астықтың көлемі – 17 мың тонна.  Ақшаға шақса, 1,4 млрд теңге деген сөз. 10 қазан күні "Шығыс-Астық НҚК" ЖШС-нің директорына қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды. Оған өзіне сеніп тапсырылған мүлікті иемдену (ысырап ету) бойынша айып тағылып отыр. Айыбы дәлелденсе, мүлкі тәркіленіп, 7-12 жыл аралығында бас бостандығынан айырылады", – делінген прокуратура мәліметінде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу