СҚО-да себуге дайындалған 60 тонна астық дәні ұрланды

747

Солтүстік Қазақстан облысының сақшылары сәуірдің 27-нен бастап "Астық" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізіп жатыр. 

СҚО-да себуге дайындалған 60 тонна астық дәні ұрланды

Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері 60 тоннаға жуық астық дәнін ұрлағандарды ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстік Қазақстан облысының сақшылары сәуірдің 27-нен бастап "Астық" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізіп жатыр. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарындағы мүліктердің ұрлығын ізін суытпай ашу және оны болдырмау мақсатында аудандарда мобильдік топтар құрылды. Олар қараңғы түсе айналма жолдар мен далалы жерлердегі жолдарды бақылайды, ауыл шаруашылық өнімдерін тасымалдаумен айналысатын жүргізушілердің қолдарындағы құжаттарды тексереді.

Профилактикалық іс-шара басталғанға дейін әр ауданда аграрийлермен кездесулер өткізілді. Кездесулер кезінде кәсіпорындардың техникалық нығайтылуы және қауіпсіздік қызметтерінің полицейлермен іс-қимыл жасауы талқыланды.

Айта кететін болсақ, өзара іс-қимыл жасау Жамбыл ауданындағы ЖШС бірінен астық ұрлығын ашуда маңызды көмек болды. 30 сәуірде онда себуге дайындап қойған тұқымның 59 тоннасы жетпейтіні анықталған. Келтірілген шығын 6 млн теңгеден асады.

Аудандық ПБ басшысы Асан Қайдаров хабарлағандай, жедел-тергеу тобы оқиға орнына дереу жеткен, сол кезеңде кәсіпорынның күзетшілері 27 сәуірге қараған түні бейнекамераларды сөндіру фактісін анықтаған. Бұл бірден полицейлердің жұмысты тиісті бағытта жүргізуіне септігін тигізді. Сол күні күдіктілер анықталды: олар 1964, 1965 және 1989 жылдары туған ЖШС жұмысшылары мен 56 жастағы жергілікті кәсіпкер болып шықты. Соңғысы уақытша ұстау изоляторына қамалып, кейін кепілдікпен босатылған. Қалғандарына қатысты міндетті түрде келу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 4-бөлігі (ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Тұқым тиелген үш "КамАЗ" автокөлігі алынып, ұрланған астық иесіне қайтарылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу