Іле Алатауы тауларында жағдайы нашарлаған туристке ТЖМ құтқарушылары көмекке барды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
9 мамырда 4 адамнан тұратын туристер тобы Шымбұлақ шыңына (3450 м) көтерілген. Жоғарғы жаққа шыққан соң қыздың халі нашарлап, ол өздігінен түсе алмаған.
Көмек көрсету үшін оқиға орнына Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары, оның ішінде кинологиялық есеп жіберілді.
Түнде РЖҚЖ құтқарушылары туристерге жетіп, екі қызға алғашқы көмек көрсетіп, оларды тасымалдауға кірісті.
Туристерді РЖҚЖ көлігі тұрған жерге жеткізіп, Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлеріне тапсырды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу