Шымкент мұнай өңдеу зауытындағы жөндеу жұмыстары аяқталды

642

Жоспарға сай сәуірде зауыт 366 мың тонна мұнай өңдеуі қажет.  

Шымкент мұнай өңдеу зауытындағы жөндеу жұмыстары аяқталды Фото: elitar.kz

7 сәуірде Шымкент МӨЗ-і  жоспарлы-алдын ала жөндеу жұмыстарын аяқтады. Кестеге сәйкес кәсіпорындағы ЖАЖ осы жылдың 15 наурызынан 8 сәуіріне дейін жүруге тиіс еді. Жұмыс мерзімінен бұрын аяқталып, зауыт ішкі нарық үшін өнім шығара бастады.

Бензин өндірісі 110,1 мың тонна, дизель отыны – 114,8 мың тонна, сұйытылған мұнай газы – 15,1 мың тонна, әуе отыны – 19,3 мың тонна, мазут – 77,6 мың тонна көлемінде жоспарланып отыр, деп жазады inbusiness.kz ҚазМұнайгаздың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Барлық жөндеу жұмыстары уақтылы, ал кейбірі уақытынан бұрын орындалғанын атап өткен жөн. Айталық, мұнайды бастапқы айдау қондырғысы жұмыс режиміне жоспарлы мерзімінен бір тәулік бұрын, каталитикалық крекинг қондырғысы 5 тәулік бұрын шығарылды.

Мұнайды бастапқы айдау, каталитикалық риформинг, дизель отынын гидротазарту, керосинді гидротазарту, каталитикалық крекинг қондырғыларының жекелеген бөлшектерін ауыстыру, қалпына келтіру және жабдықтарын баптау сияқты іс-шаралар атқарылды.

 

Жөндеуге 22 мердігер ұйым мен 1305 маман тартылып, жұмысқа жұмылдырылды. Жүргізілген жөндеу мақсаты – зауыт жабдықтарының кепілді жұмысын қамтамасыз ету. "Азаматтық қорғау туралы" заңының талаптарына сай жабдықтар мен техникалық құбырларға техникалық куәландыру мен өнеркәсіптегі қауіпсіздігіне сараптама жүргізілді.

2022 жылдың қорытындысы бойынша "ПҚОП" ЖШС рекордтық көлемде 6,2 млн тонна мұнай өңдегенін еске сала кетейік. Бұдан бұрын Мемлекет басшысы зауыттың өндірістік қуатын арттыру және мұнай өңдеу көлемін жылына 12 млн тоннаға дейін ұлғайту міндетін қойды

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу