Түркістан облысында Шымкент-Самара автожолының 115 шақырымында болған көлік апаты салдарынан төрт адам қайтыс болды, деп хабарлады ІІМ –нің ресми өкілі Нұрділдә Ораз.
Оның айтуынша, "Нексия" жеңіл көлігімен "Хендайстарекс" көлігі соқтығысқан.
"Өкінішке қарай, үш жасөспірім медициналық мекемеге жеткізгенде қайыс болды. Ал "Нексия" жеңіл көлігінің жүргізушісі ауруханада қайтыс болды", – деп жазылған хабарламада
Тағы үш бала мен бір ер адам түрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды.
Оқиға орнына облыстық полиция департаментінің басшысы кетті
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу