Оқиға 27 маусым күні Қызылорда облысының Қармақшы ауданы аумағында орын алған.
Шымкент-Самара тас жолында Chevrolet Lanos және Lexus ЕS300 автокөліктерінің соқтығысу салдарынан орын алған жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Жол апаты салдарынан 3 адам көз жұмды, 4 адам түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды. Тиісті сот сараптамалары тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу