Шымкент сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы тағайындалды

298

Қанат Тұрсымбайұлы 1968 жылы Павлодар облысында дүниеге келген.

Шымкент сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы тағайындалды Фото: Шымкент қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы құқық қорғау органдарының кадр саясаты мәселелері жөніндегі комиссиясының ұсынымы бойынша агенттік төрағасының бұйрығымен департамент басшысы лауазымына Қанат Тұрсымбайұлы Сүлейменов тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Жаңа басшыны қала активі мен қызметкерлерге агенттік төрағасының орынбасары Мақсат Жебегенов таныстырды.

ҚР Ішкі істер министрлігінің Алматы жоғары мектебін бітірген.

1994-2019 жылдар аралығында ішкі істер және ұлттық қауіпсіздік органдарында түрлі лауазымдарда қызмет атқарды.

2019 жылдан бастап Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің тергеу департаментін, 1-департаментін, агенттіктің Атырау облысы бойынша департаментін басқарды.

Сондай-ақ, агенттіктің сотқа дейінгі тергеу қызметінің басшысы лауазымын абыроймен атқарды.

"Департамент басшысын тағайындау Президенттік резервке енгізілген кандидаттардың цифрлық рейтингісінің жаңа жүйесін енгізген Президент Әкімшілігімен келісілген. Ақпараттық кадрлық жүйені бағалау нәтижелері бойынша Қ.Т. Сүлейменов ең жоғары балл жинаған" делінген Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті таратқан ақпаратта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу