Шымкент тұрғыны әйелін емдеймін деп өлтіріп алды

186

Аталған оқиға бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Шымкент тұрғыны әйелін емдеймін деп өлтіріп алды Фото: freepik

Шымкентте әйел адам күйеуі салған инъекциядан соң қайтыс болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, әйел адамның өліміне қатысты сараптама тағайындалып, тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қайғылы жағдай Жібек жолы көшесіндегі үйлердің бірінде болған.

Алдын ала ақпаратқа сәйкес, ер адам әйеліне инъекция саламын деп қателік жіберген. Дәрі еккен соң әйелдің жағдайы күрт нашарлап, жедел жәрдем келгенше жан тапсырған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу