Шымкент және Жетісу облысы ТЖД департамент басшылары екі айға қамауға алынды

449

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік мәлімдеді.

Шымкент және Жетісу облысы ТЖД департамент басшылары екі айға қамауға алынды Фото: ашық дереккөз

2023 21 шілдесінде Астана қаласының ауданаралық тергеу сотымен ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасына, Шымкент қаласы мен Жетісу облысы ТЖД бастықтарына қатысты "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Басқа да жемқорлық құқық бұзушылықтарға қатыстығы тексерілуде.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.

Еске сала кетсек, ТЖМ Комитет төрағасы және департамент басшылары жемқорлыққа қатысы бар деген күдікке ілінгенін жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу