Шымкентте 21 жастағы қыздың өліміне күдікті жігіт ұсталды

  Бұған дейін оның кім екені және көлігінің маркасы белгілі болып еді.

Шымкентте 21 жастағы қыздың өліміне күдікті жігіт ұсталды Фото: видеодан алынған кадр

Шымкент қалалық полиция департаменті күдікті жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұсталғанын растады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған. Іздеу жұмыстарына қалалық полиция департаментінің барлық жеке құрамы жұмылдырылғаны айтылды. 

– Қалаға кіреберіс және шығаберіс жолдарда бақылау күшейтіліп, аумақ толық тексерілді. Күдікті қала маңынан шамамен 10 шақырым қашықтықта ашық аумақта анықталып, ұсталды, – делінген хабарламада.

Бұған дейін күдікті мен қаза тапқан қыздың таныс болғаны анықталды. Қылмыстың себептері мен мән-жайы тергеу барысында нақтыланбақ. 

Марқұм студентті қаскөй 11 қаңтар күні кешке Төлеметов пен Өтегенов көшелерінің қиылысында пышақтаған. Бейнежазбадан қыздың қашуға әрекет еткенін, жігіттің оны ұрып-соғып, пышақ сұққанын байқау қиын емес. Күдікті оқиға орнынан бой тасалап үлгерген еді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу